ӘЛЕМ
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының мәліметінше, кемелер рұқсат етілмеген бағытпен өтіп бара жатқанда жарылыс болып, қозғалысын тоқтатқан.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының баспасөз қызметі Ормуз бұғазында екі супертанкермен оқыс жағдай болғанын хабарлады.
Корпустың мәлімдеуінше, оқиға өткен түні кемелер бұғаздағы оңтүстік бағыттың қауіпті екені туралы бірнеше рет ескерту алғанына қарамастан, рұқсат етілмеген бағытпен өтіп бара жатқанда болған. Қатты жарылыстан кейін танкерлер қозғалысын тоқтатқан.
Корпус екі кеменің де супертанкер болғанын және олардың бортында жалпы көлемі 4 миллион баррельден астам мұнай болғанын мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61