БІЛІМ
Ғылым және жоғары білім министрі келесі жылы жаңа тест пилоттық режимде іске қосылатынын, оған қатысу талапкерлердің өз еркінде болатынын айтты. Ол мұндай хабарламаларды тарату алаяқтық болуы мүмкін екенін жеткізді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Саясат Нұрбектің айтуынша, министрлік жаңа тесті әлі әзірлеп жатыр, сондықтан оны таныстырмай тұрып дайындық курстарын ұсыну күмән тудырады. Министрлік тиісті органдарға сауал жолдауы мүмкін.
Нұрбек оқушылар мен ата-аналарды министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығының ресми хабарламаларына сүйенуге шақырды. Жаңа тест бөлек баспасөз мәслихатында таныстырылады.
Бұған дейін министр AIT деп аталатын балама емтиханның АҚШ-тың Educational Testing Service (ETS) ұйымымен бірлесіп әзірленіп жатқанын айтқан. Тест талапкердің білімімен қатар, оны тәжірибеде қолдану қабілетін бағалауы тиіс. Бұған дейін министр әзірлеу құнын шамамен үш миллион доллар деп бағалаған, ал талапкерлер үшін емтихан тегін болады деп жоспарланған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61