Bugin
Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің ұжымымен кездесу өткізді. Басқосуда партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру және білікті мамандар даярлау мәселелері талқыланды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Түрксіб аудандық сайлау алды штабының мүшелері және колледждің педагогикалық ұжымы қатысты.
Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі көлік және технология салалары бойынша мамандар даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірі. Осыған байланысты кездесуде қаланың көлік жүйесін дамыту, заманауи технологияларды меңгерген білікті мамандар даярлау және жастардың кәсіби әлеуетін арттыру мәселелері қарастырылды.
«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат, «Қазақша Speaking Club» қоғамдық жобасының авторы, тележүргізуші Ольга Спирина қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуда жүйелі жоспарлау мен кәсіби кадрлар даярлаудың маңыздылығына тоқталды.
«Алматыдағы көлік жүктемесін азайту -тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселелердің бірі. «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қаламен қала маңының бірыңғай көлік жүйесіндамытуға, қоғамдық көлік бағыттарын жетілдіруге, ыңғайлы ауысып-міну мүмкіндіктерін жасауға және қозғалыс кестелерін үйлестіруге басымдық берілген. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда көлік саласына білікті мамандар даярлаудың маңызы зор. Сондықтан кәсіби білім беру сапасын арттырып, жастардың заманауи талаптарға сай маман болып қалыптасуына жағдай жасау қажет», - деді Ольга Спирина.
Кездесу педагогикалық қауымдастықтың пікірін тыңдауға, көлік саласына қажетті білікті мамандар даярлау мәселелерін талқылауға және кәсіби білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру бағыттары бойынша ұсыныстар алмасуға мүмкіндік берді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61