СПОРТ

Қазақстандық үш боксшы World Boxing рейтингінде көш бастады

Санжар Ташкенбай, Төрехан Сабырхан және Айбек Оралбай өз салмақтарында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына шықты. Әйелдер арасында Қазақстаннан бір боксшы көш бастап тұр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

World Boxing ұйымы барлық салмақ дәрежесі бойынша рейтингін жариялады. Ерлер арасындағы он салмақтың үшеуінде қазақстандық спортшылар бірінші орында.

50 келіге дейінгі салмақтағы Санжар Ташкенбай Азия ойындарына қатысқан жоқ, өйткені бұл салмақта жарыс өткізілмеді. Ол әлем чемпионы атағын сақтап, рейтингте көш бастап тұр.

70 келіге дейінгі салмақтағы Төрехан Сабырхан мен 90 келіден жоғары салмақтағы Айбек Оралбай Азия ойындарында жеңіске жетті. Екеуі де әлемнің қазіргі чемпиондары және рейтингтің бірінші сатысында.

Рейтингте бірінші орын алған боксшылар саны бойынша Өзбекстан көш бастап тұр: елдің бес өкілі өз салмақ дәрежелерінде үздік атанды.

Әйелдер арасында әлем чемпиондары Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Назым Қызайбай екінші орында. Қазақстандықтар арасындағы рейтинг көшбасшысы — Азия ойындарының қола жүлдегері әрі әлем чемпионы Наталья Богданова.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61