ӘЛЕМ
АҚШ президентінің арнайы өкілдері Ресей басшысымен тұтқын алмасу және Еуропаның қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Кездесуден кейін Стив Уиткофф үшжақты келіссөздердің жаңа раунды өтетінін айтты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Владимир Путинмен кездесуі Мәскеуде өтті. АҚШ өкілдері Ресей, Украина және АҚШ арасындағы Абу-Дабидегі үшжақты келіссөздерден кейін бір күн өткен соң барған. Әңгіме шамамен екі жарым сағатқа созылды.
Уиткоффтың айтуынша, тараптар үшжақты келіссөздердің келесі раундын өткізуге келіскен. Кушнер кездесудегі талқылаулар жан-жақты болғанын және алдағы көпжақты келіссөздерге негіз болады деп үміттенетінін жеткізді.
Кездесу алдында Кушнер Мәскеуге сапардың екі мақсатын атаған: тұтқын алмасуды талқылау және еуропалықтарды келіссөздерге қатыстыруға көндіру. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков тұтқын алмасудың «ең ауқымды» түрінің шарттары келісіліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, Ресей Еуропадағы қауіпсіздік жөніндегі ұсыныстарды АҚШ-пен бірлесіп талқылауға дайын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61