ДАМУ
Шектеу ресейлік холдингтің Қазақстандағы екі полимер жобасына қатысуына байланысты назар аудартты. Сарапшының пікірінше, санкциялар жобаларды автоматты түрде тоқтатпайды, бірақ халықаралық серіктестермен жұмыс істеуді қиындатуы мүмкін.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ұлыбритания 12 қарашада ресейлік «СИБУР» мұнай-химия холдингін санкциялық тізімге енгізді. Компания Атырау облысындағы KPI полипропилен өндірушісінің 40 пайызына және салынып жатқан «Силлено» полиэтилен кешенінің 30 пайызына иелік етеді.
Британдық шектеулер активтерді бұғаттауды, траст қызметтеріне және компания директорлары мен директорлар кеңесі мүшелеріне қатысты шектеулерді қамтиды. Сондай-ақ холдингке тиесілі, оның бақылауындағы немесе өзі пайдаланатын кемелер мен ұшақтарға көлік шектеулері енгізілді. Ұлыбритания билігі «СИБУР» Ресейдің стратегиялық маңызы бар энергетика саласында жұмыс істейтіндіктен, Ресей билігін қолдайды немесе олардан пайда көреді деп күдіктенуге негіз барын мәлімдеді.
Журналист әрі мұнай-газ саласының сарапшысы Олег Червинский санкциялар Қазақстандағы кәсіпорындарды бірден тоқтатпайтынын, алайда халықаралық банктермен, сақтандырушылармен, логистикалық компаниялармен және жабдық лицензиялаушыларымен жұмысты күрделендіруі мүмкін екенін айтты. «СИБУРдың» KPI мен «Силленодағы» үлестері өздігінен бірлескен кәсіпорындардың британдық бұғаттау шектеулеріне автоматты түрде ілігуін білдірмейді: ол үшін корпоративтік келісімдер мен холдингтің нақты өкілеттіктері ескерілуі керек.
KPI зауыты 2022 жылғы қарашада іске қосылды. Оның жылдық өндірістік қуаты — 500 мың тонна полипропилен, ал 2025 жылы кәсіпорын 377 мың тонна өнім шығарған. «Силлено» кешенінің жобалық қуаты жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен болады. Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 қазандағы мәліметінше, жоба 40,9 пайызға дайын.
Червинскийдің айтуынша, шектеулер сыртқы нарықтармен есеп айырысу мен талаптарға сәйкестікті тексеруді қиындатуы мүмкін. Сондай-ақ Еуропалық одақ пен АҚШ-тың осындай қадамға бару қаупі бар. Сарапшы санкциялардың Қазақстандағы ірі жобаға ықпалына мысал ретінде «Қаламқас-теңіз – Хазар» жобасын атады: «ҚазМұнайГаз» оны ресейлік «ЛУКОЙЛмен» бірлесіп жүзеге асырған, ал 2026 жылғы наурызда жоба санкцияларға байланысты да тоқтатылғаны хабарланған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61