ДАМУ
Елдің тоғыз өңірінде үлескерлері пәтерін күтіп отырған 33 тұрғын үй кешені бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі нысандарды аяқтау мерзімдерін атады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ведомство мәліметінше, проблемалы нысандарда 3 мыңнан астам үлескер бар. Олардың ең көбі — Маңғыстау облысында: бес кешенде 878 адам пәтер күтіп отыр.
Алматы облысындағы үш кешен бойынша мәселені 2026 жылдың желтоқсанына дейін реттеу жоспарланған. Қарағандыдағы «Британский кварталдың» алғашқы кезегі тамызда пайдалануға берілген, қалған блок-секцияларын жыл соңына дейін тапсыру көзделген. Онда 421 үлескер бар.
2027 жылы Ақмола облысындағы үш кешеннің, Атыраудағы екі нысанның және Алматыдағы «Esentai City» кешенінің мәселесін шешу жоспарланып отыр. Маңғыстаудағы кешендердің бірін құрылыс салушы өзі аяқтап жатыр, ал қалған төртеуінің құрылысы мүлікке салынған тыйымдарға байланысты тоқтаған. Ақтөбедегі 11 нысанды аяқтау мерзімі 2026–2028 жылдар деп белгіленген.
Өскемендегі «Emeralds» кешенін 2028 жылы «Ертіс» ӘКК» АҚ аяқтауы тиіс. Батыс Қазақстан облысында жұмыстарды 2027–2028 жылдары аяқтау жоспарланған: үлескерлердің бір бөлігі басқа үйлерге көшіріледі, 36 адамға салған ақшасы қайтарылады.
Алматыдағы «Silver Hills» және «Достар Делюкс» кешендеріне қатысты нақты мерзім көрсетілмеген. «Silver Hills» бойынша шешім қылмыстық іс аяқталғаннан кейін қабылданады. «Достар Делюкс» кешенінде 12 адамға өтемақы төленген, тағы 22 адам оны қараша айының соңына дейін алуы керек.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61