ӘЛЕМ

Нью-Йорктің Бруклин ауданында үй құлап, сегіз адам қаза тапты

Бруклиндегі үш қабатты тұрғын үйдің опырылуынан 19 адам жарақат алды. Құтқарушылар түні бойы үйінділерді аршып, адамдарды іздеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Оқиға сәрсенбі күні кешке Бруклиннің Кіші Гаити ауданында болды. Қалалық өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, қаза тапқандардың саны сегізге жетті.

Жараланған 19 адамның төртеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Тағы бес адам өміріне қауіп төндірмейтін ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды, ал 10 адам жеңіл жарақат алған.

Құлаған үйдің жанындағы құрылыс алаңында жұмыстар апат болған кезде де жүріп жатқан. Үй 1930 жылы салынған. Оның опырылуына іргелес аумақтағы қазба жұмыстары себеп болды ма, әзірге белгісіз. Қала билігі апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61