ҚОҒАМ

Алаяқтықтан зардап шеккендерге 5,9 млрд теңге өтелді

Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтыққа қарсы күрес нәтижелерін жариялады. Соңғы үш жылда мұндай қылмыстар саны 40 пайызға азайған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Министрліктің мәліметінше, соңғы үш жылда интернет-алаяқтық деректері 40 пайызға қысқарған. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 20,8 пайызға төмендеді.

Құқық қорғау органдары күмән тудырған 117 млрд теңгеден астам қаражатты бұғаттап, жәбірленушілерге 5,9 млрд теңге қайтарған. Сонымен бірге 187 млн-ға жуық алаяқтық қоңыраудың жолы кесіліп, 33 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурсқа, оның ішінде 8 мыңнан аса фишинг сайтына қолжетімділік тоқтатылды. Қылмыстық схемаларда қолданылған 13 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді.

Қазақстанда банк шоттары мен төлем құралдарын қылмыскерлерге беретін дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Азаматтар өз атына несие рәсімдеуге тыйым сала алатын «Стоп-кредит» қызметін 6,3 млн рет пайдаланған. Сондай-ақ деректердің таралуын тексеруге, фишинг қаупін анықтауға және цифрлық қауіпсіздікке үйретуге арналған сервистер дамып жатыр.

ІІМ киберқылмыскерлерге қарсы 109 мемлекеттің құқық қорғау органдарымен жұмыс істейді. 2025 жылы шетелде жеті, Қазақстанда алты алаяқтық байланыс орталығының қызметі тоқтатылған.

2026 жылғы наурызда Украинадағы Днепр қаласында халықаралық операция кезінде үш байланыс орталығы жойылып, 53 адам ұсталды. Операция барысында 40 тінту жүргізілді. Маусымда Одессада тағы бір халықаралық орталықтың қызметі тоқтатылып, тоғыз адам ұсталды.

Қазақстан мен Чехияның бірлескен операциясы кезінде екі елдің төрт қаласында бір мезгілде тінту жүргізілді. Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін саудалаған топтың әрекеті тоқтатылып, күдіктілер ұсталды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61