ӘЛЕМ

NVIDIA басшысы қызметінен кетіп, директорлар кеңесінен шықты

Дженсен Хуанг компанияның бас директоры қызметін және директорлар кеңесіндегі орнын босатады. Міндетін уақытша қаржы директоры Колетт Кресс атқарады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

NVIDIA директорлар кеңесі тұрақты басшыны іздеуге кірісті. Кандидаттар компанияның ішінен де, сыртынан да қарастырылып жатыр. Колетт Кресс бас директордың міндетін уақытша атқарумен бірге қаржы директоры қызметін де сақтайды.

Компания тарихында алғаш рет директорлар кеңесінің төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке кәсіпкер әрі инвестор, бұған дейін Synopsys компаниясының бас директоры және атқарушы төрағасы болған Харви Джонс келді. NVIDIA клиенттер алдындағы міндеттемелер мен өнім жоспарлары бұрынғыдай орындалатынын мәлімдеді.

Бұған дейін ірі ақпарат құралдары Хуангтың АҚШ арнайы қызметтері Қытай барлауының агенті деп санайтын әйелмен романтикалық қарым-қатынаста болғаны туралы жазған. Хуанг отбасына және компания қызметкерлеріне опасыздық жасағанын мойындап, кешірім сұраған. NVIDIA директорлар кеңесі ықтимал барлау операциясына қатысты тәуелсіз тексеру бастады: оны тәуелсіз директорлар сыртқы заңгерлердің қатысуымен жүргізеді. Осы жаңалықтар аясында компания акциялары бір сәтте 165,26 доллардан 156,46 долларға дейін арзандаған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61