ДАМУ

Зейнетақы активтерінің бір бөлігін жеке басқарушыларға беру жоспарланды

Ұлттық банк қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған зейнетақы қаражатын жеке басқарушы компанияларға беруді көздеп отыр. Жұмысты алдағы екі жыл ішінде бастау жоспарланған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

«БЖЗҚ» төрағасы Жанат Құрманов Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресінде ішкі нарықтағы зейнетақы активтерін басқаруға жеке компанияларды тарту жоспары барын айтты. Осылайша, активтерді басқаратын отандық және шетелдік ұйымдардан пул құрылады.

Қазір шетелдік акциялар мен облигацияларға салынған зейнетақы активтерінің басым бөлігін Ұлттық банк сыртқы басқарушылар арқылы басқарады. Оларға нақты көрсеткіштер мен бағдарлар белгіленеді, ал талаптар орындалмаса, басқарушы ауыстырылады.

Осындай тәсілді Қазақстанның қаржы құралдарына, ең алдымен мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтерге қолдану ұсынылып отыр. Жеке басқарушы компаниялар белгілі бір бағдарларға сүйеніп жұмыс істейтін мандат алады және оның орындалуына жауап береді.

Құрмановтың айтуынша, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтерді басқару мандаттарын беру жұмысын алдағы екі жылда бастау жоспарланған. Дайындық жүргізілгеннен кейін портфельдің бір бөлігі қазірдің өзінде азаматтардың зейнетақы жинағын басқарып жүрген инвестициялық портфельді басқарушыларға берілуі мүмкін.

Қазір қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің 40%-ы мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылған. Ұлттық банк бұл нарықта кірістілік пен тарифтер бойынша бәсекенің болғанына мүдделі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61