Bugin

Алматының көлік жүйесі: «Әділет» партиясының кандидаттары инфрақұрылымды дамыту жолдарын қарастырды

Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының қалалық штаб өкілдері «Asia Gas Pipeline»компаниясының еңбек ұжымымен кездесті. Басқосудың негізгі тақырыбы көлік инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға қолайлы қалалық орта қалыптастыру болды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, сайлауалды штаб мүшелері және кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында партияның 2026-2031 жылдарға арналған сайлау алды бағдарламасының Алматы қаласы бойынша негізгі бағыттары таныстырылды. Жол инфрақұрылымын жаңғырту, веложолдар желісін кеңейту, қауіпсіз жаяу жүргіншілер бағыттарын қалыптастыру және қоғамдық көлікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Айдар Күнтубай қаланың көлік инфрақұрылымын кешенді дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің мақсатымыз - қала көшелерін жолқозғалысына қатысушылардың барлығы үшіныңғайлы әрі қауіпсіз ету. Сайлау алды бағдарламада көшелерді кешенді абаттандыру көзделген. Бұл жұмыстар жаяу жүргіншілерге қолайлы аймақтар, қауіпсіз өткелдер және өзара байланысқан велосипед бағыттарын қалыптастыруды қамтиды. 2031 жылға қарай қоғамдық көліктегі сапарлар санын тәулігіне 2,5 миллионға дейін арттыруды мақсат етіп отырмыз. Бұлшаралардың барлығы тұрғындардың жолға жұмсайтын уақытын қысқартып, Алматыда қатынауды ыңғайлы етуге бағытталған», -деді Айдар Күнтубай.

Ашық диалог барысында кәсіпорын қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігі, қала ішінде қатынаудың қолайлылығы мәселелерін талқылап, Алматының көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді.

 

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.                                

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61