ӘЛЕМ

Microsoft ақауына қатысты шағымдар 74 елден түсті

Outlook жұмысына қатысты шағымдар саны бір сәтте шамамен 140 мыңға жетті. Microsoft ақаудың кибершабуылдан болмағанын айтып, жүйелерді қалпына келтіру жұмысын жалғастырып жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Ақау Microsoft 365 қызметтеріне, соның ішінде Teams, Outlook және Microsoft Copilot жүйелеріне әсер етті. Кей қолданушылар хат жіберіп не қабылдай алмай, күнтізбе деректері мен кей файлдарды аша алмаған. Downdetector мәліметінше, бейсенбі күні сағат 18:00-де (Гринвич уақыты) Outlook бойынша шағымдар шамамен 140 мыңға жетіп, олар 74 елден түскен. Келесі күні сағат 07:00 шамасында шағым саны 43 мың болған.

Microsoft мәліметінше, серверлердің едәуір бөлігі күтпеген жерден қолжетімсіз болып, қалғандарына түсетін сұраныс көбейген. Компания ақауды киберқауіпсіздік оқиғасымен байланыстырмай, инфрақұрылымға түскен жоғары жүктемені себеп ретінде атады. Қалпына келтірудің алғашқы белгілері байқалғанымен, қызметтердің өткізу қабілеті қалыпты деңгейге оралмаған.

Компания электрондық хаттардың жоғалып кетпеуі үшін оларды жеткізуді күту уақытын 48 сағатқа дейін ұзартатынын хабарлады. Microsoft 365 пакетін 430 миллионнан астам адам пайдаланады. Ақау OpenAI мен Anthropic компанияларына, сондай-ақ Сингапур үкіметі мен Австралияның арнайы қызметіне, Жапониядағы мемлекеттік құрылымдар мен ірі компанияларға да әсер еткені айтылды.

Ұлыбританиядағы кейбір емханалар мен полиция тұрғындарға шұғыл мәселелер бойынша электрондық пошта не онлайн нысандардың орнына телефон арқылы хабарласуды ұсынған. Швейцариялық Richemont тобы жартыжылдық қаржылық нәтижелерін жариялауды кейінге қалдырса, америкалық Workhorse Group тоқсандық есебін ұсыну күнін ауыстырған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61