Спорт
Үш ойыншының қанжығасы "Алтын бутсымен" майланды
"Ливерпуль" шабуылшылары Мұхамед Салах пен Садио Мане, сондай-ақ, "Арсенал" сұрмергені Пьер-Эмерик Обамеянг 2018/19 жылғы Англия біріншілігінің үздік сұрмергені атағын бөлісті.
Үшеуі де осы ұлттық біріншілік маусымында 22 гол соққан. Осылайша 1998/99 жылғы маусымнан бері алғаш рет бірден үш ойыншы "Алтын бутсы" иегері атанды, – деп хабарлайды АПЛ баспасөз қызметі.
20 жыл бұрын бұл жүлдені Майкл Оуэн, Джимми Флойд Хасселблайнк және Дуайт Йорк жеңіп алған болатын. Олардың әрқайсысы ойын маусымында 18 голдан соққан еді.