ДАМУ

Балқаштағы АЭС құрылысына бас мердігер мен серіктестер анықталды

«Росатом» Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясының бас мердігерін және консорциумға қатысатын халықаралық серіктестерді таңдаған. Компаниялардың атауы әзірге жарияланған жоқ.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

«Росатом» бас директоры Алексей Лихачевтің айтуынша, құрылыс алаңындағы дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Компания келесі жылы нысанға барып, ауқымды құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

Қазір алаңдағы зерттеу жұмыстары аяқталып келеді. Жобаға қажет бақылаулар кемінде 12 ай жүргізілуі тиіс, жиналған деректер техникалық жобаға енгізіліп жатыр. Келісімшарттың екінші кезеңіне қатысты жұмыстар да жалғасуда.

Лихачев негізгі келісімшарт параметрлеріне Владивостокта қол қойылғанын, оның кейбір қосымшалары техникалық тұрғыда әлі нақтылануы керегін айтты. Ол «нөлдік кезең» аяқталған соң Ұлкендегі құрылыс басталу рәсіміне қазақстандық журналистерді шақыруға уәде берді.

Қуаты 2,4 ГВт болатын станция Балқаш көлінің жағасында, Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Ұлкен кенті маңында салынбақ. Жоба екі ВВЭР-1200 блогынан тұрады. Құны 15 млрд доллар деп бағаланған нысанды іске қосу 2035 жылға жоспарланған. Жобаға қазақстандық тауар, жұмыс және қызмет жеткізушілері 30 пайызға дейін қатысуы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61