ҚОҒАМ
Ішкі істер министрлігі 44 жастағы күдіктінің Алматыда ұсталғанын хабарлады. Тергеу дерегінше, ол 2024 жылдан бері шетелде жүріп, радикалды идеяларды таратқан.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
ІІМ мәліметінше, күдікті жабық Telegram-топтарын басқарып, онлайн-дәрістер өткізген және өз ізбасарларына идеологиялық ықпал еткен. Оның бірнеше аудиодәрісі бұған дейін сот шешімімен терроризмді насихаттау және діни араздықты қоздыру белгілері бойынша экстремистік материал деп танылған.
Ведомство ер адамның шетелдегі теологиялық оқу орындарында діни білім алғанын хабарлады. Ведомство дерегіне сәйкес, ол 2024-2025 жылдары пікірлестерінен 60 миллион теңгеден астам қаржы алған.
11 қарашада Алматыда жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Алматы мен Жамбыл облысында тергеу әрекеттері жүргізіліп, тінту барысында діни әдебиеттер мен экстремистік идеология белгілері бар қолжазбалар тәркіленді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ істің мән-жайын, ықтимал сыбайластар мен өзге де қатысы бар адамдарды анықтап жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61