ҚОҒАМ

Коммерциялық сайттағы ЖСН: деректерді жариялауға кімнің құқығы бар

Қазақстандық әйел аты-жөні мен ЖСН-ін коммерциялық сайттан тауып, олардың қайдан алынғанын сұраған. Уәкілетті органдар деректерді пайдалану тәртібі адамның кәсіпкер ретінде тіркелуіне байланысты екенін түсіндірді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Әйелдің айтуынша, сайт өкілі мәліметтер мемлекеттік ресурстардан алынатынын айтқан. Компания өкілі порталда Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер туралы ақпарат барын және деректер ҚР ҚМ МКК порталынан алынатынын жеткізді.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің түсіндіруінше, жеке кәсіпкердің аты-жөні мен ЖСН-і кәсіпкерлік субъектісі туралы ашық мәліметтерге жатады. Заңның 9-бабы 9-3) тармақшасына сәйкес, мұндай ақпаратты бизнес-серіктестер тізілімін қалыптастыру үшін адамның келісімінсіз пайдалануға болады. Кәсіпкерлікке қатысы жоқ жеке тұлғаларға басқа талаптар қолданылады.

Ұлттық статистика бюросы кәсіпкерлік субъектілері туралы аты-жөні, сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы және қызмет түрі секілді мәліметтер ашық екенін хабарлады. Бюроның мәліметінше, оның коммерциялық сайтпен дерек беру немесе жүйелерді біріктіру жөнінде қолданыстағы келісімі жоқ, сондай-ақ ол сайтқа жеке кәсіпкерлер тізімін арнайы жібермейді. Ашық ақпаратты пайдаланатын сыртқы ресурстар да дербес деректерді жинау, өңдеу және тарату талаптарын сақтауға тиіс.

Министрлік кәсіпкерлікке қатысы жоқ деректері жарияланған азаматтарға алдымен сайт иесіне жүгінуді ұсынды. Заңның 24-бабы бойынша азаматтар деректерінің қайдан және қандай негізде алынғанын сұрап, заңды негіз болмаса, оларды жоюды талап ете алады. Сайт әкімшілігі жауап бермесе немесе түсініктеме бермесе, Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағым түсіруге болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61