ДАМУ
Ұлттық банк ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін 340,4 млрд теңгеден астам цифрлық теңге шығарған. Жаңа тетік қаражатты белгілі бір мақсатқа жұмсау шарттарын төлемге енгізуге мүмкіндік береді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Цифрлық теңге қолданыстағы ақшаны алмастырмайды, ұлттық валютаның үшінші түрі ретінде қолма-қол ақша мен банк шоттарындағы қаражатты толықтырады. Оны Ұлттық банк шығарады, ал жеке және заңды тұлғалардың цифрлық шоттарын банктер өз инфрақұрылымы арқылы жүргізеді. Банк картасындағы ақша коммерциялық банктің міндеттемесі болса, цифрлық теңгенің негізі бөлек.
Ұлттық банк өкілі Айнұр Жұмаділованың айтуынша, цифрлық теңгемен жасалатын операцияларға банк құпиясы мен дербес деректерді қорғау талаптары қолданылады. Клиенттің шоты мен ақша қозғалысы туралы ақпарат заңда белгіленген тәртіппен ғана беріледі.
Цифрлық теңге кредит беру, субсидиялау, мемлекеттік сатып алу және салықтық әкімшілендіру бағыттарындағы қанатқақты жобаларда сыналған. Қазір ол Ұлттық қор есебінен жүзеге асырылатын «Достық – Мойынты» теміржолы мен «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры жобаларын қаржыландыруда, сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту аясында қолданылып жатыр. Экономист Руслан Сұлтановтың сөзінше, төлемге қаражатты тек белгіленген мақсатқа жұмсау шарттарын енгізуге болады.
Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі іске асырған «Цифрлық ҚҚС» қанатқақты жобасы қосылған құн салығын қайтару мерзімін 55 күннен 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берген. Ал азаматтарға арналған жаңа қаржылық қызметтерді цифрлық теңгенің бағдарламаланатын қасиеті мен смарт-келісімшарттар арқылы дамытуға болады. Дегенмен, оның енгізілуі төлемдер бірден арзандайды немесе ақша аудару айтарлықтай жылдамдайды дегенді білдірмейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61