ӘЛЕМ
АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, солтүстіккореялық хакерлер жасанды интеллект көмегімен криптовалюта иелерінің таныстары болып көрініп, құрылғыларына зиянды бағдарлама орнатқызған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Соңғы 18 айда хакерлер криптовалюта түрінде 400 миллион доллардан астам қаражатты жымқырған. ФБР бұл шабуылдардың артында КХДР-мен байланысты топтар тұрғанын айтады. Олар FaceStealer деп аталатын тәсілмен қолдан жасалған видеоконференциялар өткізген.
Қылмыскерлер пайдаланушылардың аккаунттарын бұзып, олардың атынан таныстарын видеоқоңырауға шақырған. Қоңырауда алдын ала жазылған видео немесе жасанды интеллект арқылы жасалған дипфейк көрсетіп, кейін «техникалық ақауды» түзету үшін сілтемеге өтуді ұсынған. Сілтеме зиянды бағдарламаны орнатып, хакерлерге криптовалютаны ұрлауға, аккаунттарды бұзуға және хат-хабарларды қарауға мүмкіндік берген. ФБР тергеу барысында жәбірленушілердің веб-камераларынан түсірілген 900-ден астам видеоны тапқан.
12 қарашада АҚШ Әділет министрлігі FaceStealer шабуылдарына пайдаланылған бұлтты инфрақұрылымды тәркілеу туралы хабарлады. Бұдан бөлек, ведомствоның дерегінше, 29 қазанда TraderTraitor тобы Binance криптобиржасынан 6 миллиард доллардан астам цифрлық активті ұрлаған. Мемлекеттік органдар мен жеке компаниялар 2,7 миллиард доллардан астам криптовалютаны бұғаттаған; сот 1,2 миллиард доллардан астам активті тәркілеуге немесе оларға билік етуді шектеуге рұқсат берген. Бұл қаражат бұғатталған 2,7 миллиард доллардың құрамына кіреді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61