ҚОҒАМ
Қарағанды облысында 38 жастағы Ирина Керннің сүйегі із-түзсіз кеткеніне екі айға жуық уақыт өткенде табылды. Оны өлтірді деген күдікпен 40 жастағы азаматтық күйеуі ұсталды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ирина Керн 20 қыркүйекте жоғалып кеткен. Туыстары полицияға жүгінгеннен кейін оны іздеуге еріктілер мен әскери қызметшілер жұмылдырылып, орман алқаптары, саяжайлар мен зираттар тексерілген.
Әйелдің бөлшектелген сүйегі Теміртаудан 22 шақырым жердегі шипажай аумағынан табылды. Күдікті сол жерде қазандық жағушы болып жұмыс істеген деген болжам бар.
Теміртау полиция басқармасының бастығы Талғат Бакаевтың айтуынша, тексеру кезінде зорлық-зомбылықтан қаза болу белгілері анықталған. 40 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Марқұмның артында үш баласы қалды, кенжесі үш жаста.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61