ӘЛЕМ

Зеленский: АҚШ Донбасс пен НАТО мәселесін алғаш рет көтерді

Украина президентінің айтуынша, АҚШ Донбасстан әскерді шығару мен НАТО-ға мүшелік мәселесін өзара байланыстыру нұсқасын қарастыруды ұсынған. Зеленский мұндай шешімді өзі қабылдамайтынын айтты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Владимир Зеленский бұл туралы 13 қарашада журналистермен кездесуде мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ өкілдері алғаш рет Украина НАТО-ға кірсе, Донбасстан әскерін шығару мүмкіндігін талқылауға ұсынған.

Зеленский бұл ұсыныс АҚШ пен НАТО-ның басқа мүшелері тарапынан расталса, мәселені Украина қоғамының талқысына шығаратынын айтты. Президент шешімді өз бетінше қабылдауды көздемейтінін жеткізді. Сонымен бірге Украина басып алынған аумақтарды Ресейдің бөлігі деп заң жүзінде тануға келіспейтінін атап өтті.

Зеленскийдің айтуынша, бұған дейін Киев батыстық серіктестерден НАТО жарғысының ұжымдық қорғаныс көздейтін бесінші бабына ұқсас қауіпсіздік кепілдіктерін сұраған. Алайда Вашингтон мұндай кепілдік аясында Украинаға америкалық әскери қызметшілерді орналастыру мәселесін қарастырудан бас тартқан.

Қазір Украина серіктестерімен қауіпсіздік шараларының кешенді пакетін талқылап жатыр. Ол НАТО мен Еуроодақтың кепілдіктерін, әскери және қаржылай қолдауды, қару-жарақ жеткізуді, сондай-ақ қаржыландыру көздері көрсетілген елді қалпына келтіру жоспарын қамтиды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61