САЯСАТ

Тоқаев Фуджейрадағы жол апатына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ басшысы Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға көңіл айту жеделхатын жолдады. Фуджейра әмірлігіндегі апаттан 14 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Мемлекет басшысы қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, Біріккен Араб Әмірліктерінің халқына тілектестік білдірді. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Көлік әуелі басқа машинамен соқтығысып, аударылған, кейін кептеліске байланысты тоқтап тұрған бірнеше көлікке соғылған. Жүк көлігі өртеніп, жалын көршілес машиналарға тараған. Қаза болғандардың арасында БАӘ азаматтары бар, өзге адамдардың кім екені ДНҚ сараптамасы арқылы анықталып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61