ДАМУ

Қазақстанда телефон нөмірі арқылы аударым лимитін екі есе арттыруы мүмкін

Ұлттық банктің мәліметінше, бір аударымның шегін 1 миллионнан 2 миллион теңгеге дейін көтеру жобасы мемлекеттік органдармен әлі келісіліп жатыр. Өзгерістің нақты қашан күшіне енетіні айтылған жоқ.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Жоспарланған өзгеріс банкаралық мобильді төлемдер жүйесі арқылы түрлі банктегі жеке тұлғалар арасында телефон нөмірімен жасалатын аударымдарға қатысты. Қазір мұндай бір операцияның ең жоғары сомасы — 1 миллион теңге.

Банктер ішкі тәуекелді бағалау жүйелеріне сүйеніп, аударымдарға өз шектеулерін қоя алады. Бұл талаптар ұқсас төлем қызметтеріне арналған шарттарға сай болуы керек.

Ұлттық банк QR-код арқылы төлемдерге бұл лимит қолданылмайтынын түсіндірді. Реттеушінің хабарлауынша, банкаралық мобильді төлемдер жүйесінде QR-кодпен төлем жасау сомасына шектеу жоқ.

Бұған дейін өзгеріс 2026 жылғы қазанда күшіне енуі мүмкін екені айтылған. Алайда жоба мемлекеттік органдармен келісу сатысында, ал нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61