ӘЛЕМ
Қырғызстан президенті елде сайлау алдында этносаралық қақтығыс ұйымдастыру жоспары бар деген мәлімдемесіне түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл — сайлауды өткізбеу туралы әңгімелерге байланысты жасалған ескерту.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Садыр Жапаров бұған дейін президент сайлауы қарсаңында елде этносаралық қақтығыс болуы мүмкін деген ақпарат алғанын айтқан. Кейін ол бұл сөздерінің мәнін нақтылады.
Президенттің түсіндіруінше, қақтығыс ұйымдастырылып қойған жоқ. Оның айтуынша, кейбір адамдар сайлауды өткізбеудің жолдарын талқылап, қырғыздар мен өзбектер арасында жанжал туғызу туралы сөз қозғаған. Жапаров осыған байланысты ескерту жасағанын жеткізді.
Ол билік мұндай жағдайға жол бермейтінін атап өтіп, Қырғызстанда тұратын қырғыздарды, өзбектерді, ұйғырлар мен тәжіктерді тату өмір сүруге шақырды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61