ҚОҒАМ
Ақмола облысындағы сот колонияның бұрынғы 12 қызметкерін кінәлі деп танып, олардың әрқайсына екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Іс бойынша азаптау туралы бастапқы айыптаудың орнына лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану бабы қолданылды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Үкімді 13 қарашада Атбасар аудандық соты шығарды. Сотталғандардың тоғызына рақымшылыққа байланысты екі жылдық жаза бір жылға қысқартылды.
Іс 2023 жылғы тамызда ЕЦ-166/4 түзеу мекемесінде болған оқиғаларға қатысты. Сотталғандардың айтуынша, қызметкерлер оларды бағынбағаны үшін қолмен және резеңке таяқпен ұрып, қолдарын көтеріп қабырғаға қарап тұруға мәжбүрлеген. Қылмыстық іс бойынша бастапқыда 44 сотталған жәбірленуші деп танылған.
Жәбірленушілердің арасында азаматтық белсенді Тимур Данебаев та болған. Ол дәретхананы жуудан бас тартқаннан кейін соққыға жығылғанын, медициналық көмек орнына 11 тәулікке тәртіптік оқшаулағышқа жіберілгенін айтқан. Оқиға туралы видео жарияланған соң іс көпшілікке мәлім болды.
2025 жылғы ақпанда алқабилер 12 айыпталушыны ақтаған. Прокуратура шағым түсіргенімен, желтоқсанда олар қайтадан ақталған. Іс үшінші рет қаралып, айыптау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы бойынша қайта сараланды.
Сот моральдық зиян үшін үш жәбірленушіге 1,5 миллион теңгеден, тағы 17 адамға 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін өтемақы тағайындады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61