Bugin

Сарапшы Жұмабек Тәшеновтің қазақ жерін қорғаған тұлға ретіндегі тарихи бейнесіне күмән келтірді

Сарапшы Эльдар Қонаев Жұмабек Тәшеновтің тарихи қызметіне қатысты пікір білдіріп, 1956 жылғы әкімшілік-аумақтық өзгерістерге назар аударды. Оның айтуынша, сол кезеңде Қазақстан аумағының бір бөлігі, соның ішінде Бостандық ауданы Өзбек КСР құрамына өткен.

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қонаевтің пікірінше, Тәшеновтің тарихи тұлғасын бағалағанда оның мемлекет басқаруындағы қызметін жан-жақты қарастыру қажет. Сарапшының айтуынша, 1956 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы болған Тәшенов аумақтық мәселелерді зерттеген бастамашыл топты басқарған.

«Тәшенов және бүгінгі күні одан жасап алған бейне – мифтік қаһарман. 1956 жылы оның өзі Қазақстан аумағын аралап шыққан бастамашыл топты басқарды. Сол кезде Бостандық ауданының 500 мың шаршы шақырымдық шөлейт жері де қаралған. Дәл оның ұсынысымен бұл аумақ Өзбекстанға берілді. 1956 жылы ол Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағасы болған кезде осындай шешім қабылданды. Жер берілді, содан бері әлі қайтарылған жоқ», – деді Эльдар Қонаев.

Сарапшының пайымдауынша, Тәшеновтің тарихи рөлін бағалау кезінде оның қызметіне қатысты барлық деректі ескерген жөн. Оның пікірінше, мемлекет қайраткерінің мұрасы біржақты көзқараспен емес, тарихи құжаттар мен сол кезеңнің саяси жағдайын ескере отырып зерттелуі қажет.

Бұл ретте 1956 жылғы аумақтық өзгерістерге қатысты Тәшеновтің жеке бастамасы мен шешім қабылдаудағы рөлі туралы айтылған тұжырымдар қосымша тарихи құжаттармен тексеруді қажет етеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61