ӘЛЕМ
Израиль барлауы АҚШ-қа Иранның АҚШ президенті Дональд Трампқа және оның әкімшілігіндегі жоғары лауазымды өкілдерге шабуыл жасауды көздеуі мүмкін екенін жеткізген. Ақпаратта жарылғыш зат тиелген дрондар қолданылуы ықтимал екені айтылған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Израиль мен АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдерінің мәліметінше, Моссадтың барлау деректерін батыстағы тағы бір барлау қызметі растаған. АҚШ тарапының өтініші бойынша Израиль бұл мәліметтерді тексерген. Моссад басшысы Роман Гофман АҚШ-та ЦРУ директоры Джон Рэтклиффпен кездескен.
Қауіпке байланысты кейбір америкалық шенеуніктер күзетілетін нысандарға көшіріліп, олардың ашық іс-шараларға қатысуы шектелген. Ақпаратқа сәйкес, қаржы министрі Скотт Бессент, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және қорғаныс министрі Пит Хегсет қауіпсіздігі күшейтілген орындарға орналастырылған. Трамптың көпшілік алдындағы, әсіресе ашық аспан астында өтетін шаралары да азайған.
Жоғары лауазымды шенеуніктер бұл қауіптер АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің болашағына әсер еткен факторлардың бірі болғанын айтқан. Иран ядролық мәселе бойынша белгілі бір икем танытқанымен, теңіз блокадасы мен санкциялар алынбайынша және бұғатталған активтері босатылмайынша мазмұнды келіссөзге барудан бас тартып отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61