СПОРТ
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы кездесуін 16 қарашада Астанада өткізеді. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей көрсетіледі.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қазақстан мен Словакия Ұлттар лигасының алтыншы турында «Астана Аренада» кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасында және оның сайтында көрсетіледі.
Джон ван ’т Схип жаттықтыратын Қазақстан құрамасы топтық кезеңді осы ойынмен аяқтайды. Словакия өз тобында көш бастап тұр әрі В дивизионына көтерілетініне кепілдік алған. Командалардың Кошицедегі алғашқы ойыны алаң иелерінің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталған.
Қазақстан бұған дейін сырт алаңда Молдоваға 1:2 есебімен жол берді. Словакия өз алаңында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті. Алты тур алдындағы есепте Словакияның 11, Молдованың 7, Фарер аралдарының 5, Қазақстанның 2 ұпайы бар. Қазақстан В дивизионына шығу мүмкіндігінен айырылғанымен, С дивизионындағы орнын сақтап қалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61