СПОРТ
Қазақстандық киберспортшы өнер көрсететін FURIA командасы Blast Rivals 2026 Season 2 турнирінің финалында Team Spirit-ті 3:0 есебімен жеңді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Гонконгте өткен турнирдің шешуші матчында Данил Голубенконың командасы қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды. Турнирдің жалпы жүлде қоры — 1 миллион доллар, бұл қолданыстағы бағаммен шамамен 445 миллион теңге.
Голубенко финалда 1,30 рейтинг көрсетіп, 55 рет қарсыласын жойып, 38 рет қаза тапты. Турнир қорытындысында оның рейтингі 1,29 болды. FURIA-ның тағы бір ойыншысы, бразилиялық Кайке KSCERATO Серато 1,55 рейтингпен ең құнды ойыншы атанды.
Финалдағы жеңісі үшін FURIA 250 мың доллар (шамамен 111 миллион теңге) алды. Оның 125 мың доллары ойыншыларға, қалған 125 мыңы ұйымға беріледі. Бұл — команданың соңғы бір айдағы үшінші трофейі: FURIA 18 қазанда Мальтада Thunderpick World Championship 2026 турнирін, ал 31 қазанда Румынияда PGL Masters Bucharest 2026 жарысын жеңіп алған.
Команда үшін маусымдағы соңғы турнир PGL Major Singapore 2026 болады. Жарыс Оңтүстік-Шығыс Азиядағы аралдарда 2–13 желтоқсан аралығында өтеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61