ҚОҒАМ

16 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ болады

Қазгидромет 16 қарашаға арналған дауылды ескерту жариялады. Елдің бірнеше облысында тұман, жауын-шашын және көктайғақ күтіледі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Абай облысының солтүстігі мен орталығында, Павлодар облысының батысы, шығысы және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында, таулы аудандарында да тұман күтіледі. Алматы облысының оңтүстігі мен таулы жерлерінде тұман болып, таулы аудандарда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматыда түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігі, шығысы және орталығында тұман болып, күндіз орталығы мен шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында жауын-шашын жауады, түнде солтүстік-батыста кей уақыттарда қатты жауын-шашын, негізінен жаңбыр түрінде болады; солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болып, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз оңтүстікте шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, таңертең және күндіз солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ болады, ал солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Астанада түнде жолдарда көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі; батысы мен солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман түсіп, батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61