ДАМУ

Қазақстанда тұрғын үйді сату төрт ай қатарынан төмендеп келеді

Қазанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 864 мәміле тіркелді. Бұл бір ай бұрынғыдан 10%, ал былтырғы қазанмен салыстырғанда 22,8% аз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, қазанда пәтерлерге қатысты 24 044 мәміле тіркелген, жеке тұрғын үйлер бойынша 7 820 мәміле тіркелген.

Ең көп сатылғаны — екі бөлмелі пәтерлер: 9 423 мәміле. Бір бөлмелі пәтерлер бойынша 8 689, үш бөлмелі пәтерлер бойынша 4 874 мәміле тіркелді. Төрт бөлмелі пәтерлерді сатып алу-сату саны 944 болды.

Қалалар арасында мәміле саны Алматыда ең жоғары — 6 065. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 16,3%, былтырғыдан 22,9% төмен. Астанада 5 223 мәміле тіркеліп, айлық төмендеу 14,6%, жылдық төмендеу 41,6% болды. Шымкентте 1 488 мәміле жасалды: көрсеткіш бір айда 12%, бір жылда 20,3% азайған.

Қазан айында жаңа пәтерлердің бағасы бір айда 0,5%, қайталама нарықтағы тұрғын үйдің бағасы 0,1% өсті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61