ӘЛЕМ
Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы нысанаға ұшқышсыз аппараттармен соққы берілгенін мәлімдеді. Бахрейн билігі әуе кеңістігінде бірнеше нысанның жолы кесілгенін хабарлады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Тегеранның мәлімдеуінше, шабуыл АҚШ әскери-әуе күштерінің Сирик қаласындағы байланыс нысанына жасаған соққысына жауап болған.
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаи Ислам Республикасына қарсы шабуылда АҚШ пен Израильге көмектескен кез келген ел оның салдары үшін жауап беретінін айтты. Бахрейннің әскери басшылығы армия жоғары жауынгерлік дайындыққа көшірілгенін және жаңа шабуылдарға тойтарыс беруге дайын екенін жеткізді.
7 қарашада АҚШ Иранның оңтүстігіндегі Кешм аралына соққы жасаған. Бұған дейін Иранда Ислам революциясы сақшылары корпусының Аэроғарыш күштеріне тиесілі жерасты зымыран кешені таныстырылған еді. Онда баллистикалық және қанатты зымырандар, сондай-ақ оларды ұшыру қондырғылары бар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61