ДАМУ
Ұлттық банк конкурс арқылы басқарушы компанияларды таңдап, оларға зейнетақы портфелінің бір бөлігін инвестициялауға береді. 2030 жылға қарай жеке компаниялардың басқаруына БЖЗҚ активтерінің 20–30%-ына дейін өткізу жоспарланған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, конкурстан өткен компаниялар белгіленген мандаттарға сай жұмыс істейді. Мандаттарда қандай активтерге инвестиция салуға болатыны, тәуекелдің рұқсат етілген деңгейі мен көзделген кірістілік көрсетіледі.
Зейнетақы активтері Ұлттық банктің бақылауында қалады, ал басқарушы компаниялардың жұмысы тұрақты қадағаланады. Жинақтаушыларға компанияны өздері таңдау немесе қаражатын аудару қажет болмайды. Активтерді басқаруға беру біртіндеп, мемлекеттік бағалы қағаздардан басталады.
Бұған дейін 7 қыркүйектен бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына жинақтарын жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға беру мүмкіндігі ұсынылған. Мандаттық басқару кәсіби басқарушылардың қаржы нарығына қатысуын кеңейтіп, отандық қор нарығын дамытуға ынталандыруы мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61