ӘЛЕМ
Демократиялық Конго Республикасында вирустың сирек штамы 11,2 мыңнан астам адамға жұққан. Африка CDC жағдайды індетпен күрестегі ортақ сәтсіздік деп атады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Африка ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас директоры Жан Касея індеттің әлі бақылауға алынбағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа жағдайлардың 80 пайыздан астамы байланыста болғандар тізіміне енбеген адамдар арасында анықталады, ал қайтыс болғандардың 65 пайыздан астамы медициналық мекемелерден тыс жерде көз жұмады.
«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы көмектің инфекция ошақтарына жетпей жатқанын айтып, білікті мамандар, жедел жәрдем көлігіне арналған жанармай және бақылау топтары жетіспейтінін жеткізді. Касея Конго үкіметі мен донорлар арасындағы үйлестіру де мәселе болып отырғанын атап өтті.
Көмек ретінде жалпы 2,9 миллиард доллар уәде етілген. Касея донорларды осы соманың шамамен 1,6 миллиард долларын бөлуді және шығындардың қайталануына жол бермеу үшін іс-қимылды өзара үйлестіруге шақырды. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жалақысы бірнеше ай бойы кешіккенін айтып, ел билігі төлем жүйесін цифрландыру жұмысын бастағанын мәлімдеді.
ДР Конгода Эбола безгегінің өршуі 15 мамырда тіркеліп, сол кезде елде төтенше жағдай режимі енгізілген. Инфекцияны Bundibugyo вирусының сирек штамы таратқан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61