САЯСАТ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қарашада тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Марат Ирменов ұлттық қауіпсіздік органдарында 1996 жылдан бері қызмет етеді. Ол 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҰҚК институтын, ал 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын бітірген.
2016 жылға дейін Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары болған. Сол жылдың шілдесінде Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды. 2020 жылғы ақпанда Қордай ауданындағы оқиғалардан кейін Жамбыл облысы бойынша департаменттің бастығы болып тағайындалды.
2022 жылы Қаңтар оқиғаларынан кейін Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментін басқарды. 2025 жылғы қазанда ҰҚК төрағасының орынбасары болды. 2019 жылы ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілген. Ирменов «Даңқ» II дәрежелі орденімен және медальдармен марапатталған, ҰҚК-нің құрметті қызметкері.
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Ермек Сағымбаев бұл қызметті 2022 жылғы қаңтардан атқарған. 2026 жылғы тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев оны комитет басшысы етіп қайта тағайындаған еді. 16 қарашада Президент Сағымбаевты қызметінен босатып, орнына Ирменовті тағайындады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61