ӘЛЕМ

Иран АҚШ-тың жаңа шабуылы жауапсыз қалмайтынын ескертті

Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Хасан Гашкави АҚШ шабуыл жасаса, жауап бірнеше күндік соққымен шектелмейтінін мәлімдеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Хасан Гашкавидің айтуынша, Иран қорғаныс және шабуыл әлеуетін дамытуда елеулі ілгерілеп, қарсыласын тежеудің белгілі бір деңгейіне жеткен. Ол Иранға қарсы қандай да бір әрекет жасалса, қарсы тарапты көптеген тосын жағдай күтіп тұрғанын айтты.

Гашкави тіпті қысқа шабуылдың өзі жауап шараларына әкелетінін және оның бірнеше күндік соққымен шектелмейтінін ескертті. Оның сөзінше, соғысты қарсылас бастайды, бірақ оны Иран аяқтайды.

Комитет өкілі Иран өзін әлі де соғыс жағдайында деп санайтынын айтып, Тегеранның қарсыластарына өз аумағын пайдалануға мүмкіндік берген елдер өтемақы төлеуі тиіс екенін мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61