САЯСАТ

Тоқаев «Самұрық-Қазына» ісі бойынша тергеуден хабардар болған

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Мемлекет басшысы қор мен «Қазақстан темір жолы» басшыларына қатысты тергеу басталғанынан хабардар болғанын айтты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Смадияровтың сөзінше, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларына қатысты істің сыбайлас жемқорлыққа байланысты екені күмән тудырмайды. Оның айтуынша, бұл тергеу әрекеттері кезінде күдіктілердің қимылдарымен расталған.

«Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан тергеуден әуел бастан хабардар болды. Оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұстанымы өзгермейді және берік», – деді Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы.

12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиевті және өзге де адамдарды сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстағанын хабарлаған. Істің мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61