Weekend

Елімізде ауа райы күрт суытады

14-16 мамыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде аптап ыстықтан кейін ауа райы күрт суытады. Бұған Солтүстік Оралдан келетін суық арктикалық фронттар себепші болады, деп хабарлады "Қазгидромет" синоптиктері.

Алдағы үш тәулікте солтүстік облыстарда, күндіз орталықта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал әрі ауа температурасы күрт төмендейді.

"30 градустық ыстықтан кейін, күндіз ауа температурасы плюс 17-22 градусқа дейін төмендеп, қиыр солтүстікте 8-13 градус нөлден жоғары болады. Республиканың шығысында алдағы түнде жаңбырдың соңы жылбысқа қарға ұласып, 0-5 градус аяз болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Ал Қазақстанның қалған өңірінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, ауа температурасы сәл төмендеуі мүмкін.