Bugin
Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының штаб өкілдері Жас көрермендер театрының еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда мегаполистің мәдени ортасын дамыту, шығармашылық қауымдастықты қолдау және тұрғындар үшін өнердің қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Кездесуге Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар, Алмалы аудандық сайлауалды штабының өкілдері мен театр қызметкерлері қатысты.
Жас көрермендер театры Алматының мәдени өмірінде маңызды орын алады. Театр өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастырып, балалар мен жастарды рухани-мәдени құндылықтарға тәрбиелеуге үлес қосып келеді.
Жиын барысында партияның 2026–2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, мәдени инфрақұрылымды дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау, мәдени мұраны сақтау және өнер саласы қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын жасау мәселелеріне назар аударылды.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде театр ұжымы мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар Алматының мәдени кеңістігін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялықтізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61