ӘЛЕМ
Тынық мұхиты деңгейін спутниктен бақылау қазіргі құбылыс пен 1997–1998 жылдардағы Эль-Ниньоның ұқсас екенін көрсетті. NOAA 2027 жылдың басында оның күшті немесе өте күшті болу ықтималдығын 83 пайыз деп бағалады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
NASA ғалымдары 35 жылдық спутниктік бақылау деректеріне сүйеніп, 2026 жылғы Эль-Ниньоны қадағалап отыр. NASA-ның Реактивті қозғалыс зертханасының ғылыми қызметкері Джош Уиллистің айтуынша, қазіргі құбылыс 1997 жылғыдан әлдеқайда жылдам күшейіп келеді және ауқымы одан да үлкен болуы мүмкін.
1997 жылғы 13 қазандағы TOPEX/Poseidon және 2026 жылғы 12 қазандағы Sentinel-6 Michael Freilich спутниктерінің өлшемдері жылудың таралуы мен су деңгейіндегі айырмашылықтың ұқсас екенін көрсеткен. NOAA-ның 2026 жылғы 8 қазандағы болжамы бойынша, 2027 жылдың алғашқы үш айында күшті немесе өте күшті Эль-Ниньо болу ықтималдығы — 83 пайыз. 1997–1998 жылдардағы құбылыс Индонезия мен Амазонияда жойқын өрттерге, Африканың оңтүстігінде құрғақшылыққа, ал Оңтүстік Калифорнияда нөсер мен су тасқынына себеп болған. Алайда Уиллис спутниктік карталардың ұқсастығы ауа райы салдары дәл қайталанады дегенді білдірмейтінін атап өтті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61