ҚОҒАМ

Астанада оқушы қыз екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады деген күдік бар

Елордадағы мектепте болған оқиғадан екі жоғары сынып оқушысы зардап шекті. Полиция олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмаған қыз профилактикалық есепке алынып, Психикалық денсаулық орталығының мамандарына тапсырылған. Оның заңды өкілдері баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Тергеу оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция мектеп қауіпсіздігіне жауапты күзет ұйымының әрекетіне де құқықтық баға береді.

Астана қаласының білім басқармасы мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға оқиғаға себеп болған жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізілген. Қылмыстық істің қай бап бойынша қозғалғаны әзірге айтылған жоқ, тергеу жалғасуда.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61