ДАМУ

Электр станцияларын жөндеуге 384 млрд теңге бағытталды

Қазақстанда «қызыл аймақтағы» жылу электр орталықтарының саны бесеуге дейін азайды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Министр Президентке 2026 жылдың он айындағы отын-энергетика кешенінің жұмысы мен жылыту маусымының барысы туралы есеп берді. Оның айтуынша, жылыту кезеңі барлық өңірде тұрақты өтіп жатыр.

Электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарына 384 млрд теңге бөлінген. Негізгі жабдықтар мен желілер жөнделіп, жылу электр орталықтарының тозу деңгейі төмендеген.

Он айда Қазақстанда 102,4 млрд кВт·сағ электр энергиясы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға көп. Мұнай өңдеу көлемі 4,7%-ға артқан, жанар-жағармай қоры 1,2 млн тоннаға жеткен. Битум өндірісі 1,1 млн тоннаны құрап, ішкі сұранысты толық қамтамасыз еткен.

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейту және Атырау облысында жаңа мұнай-химия кешенін салу жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін газдандыру деңгейін 64,5%-ға жеткізу жоспарланған: газға 13,2 млн адам қол жеткізуі тиіс. Қашаған мен Жаңаөзенде газ өңдеу зауыттары салынуда.

Энергетика министрлігі деректерді өңдеу орталықтары мен жасанды интеллект қажеттілігін ескеріп, елдің 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін қайта қарап жатыр. Кездесу соңында Тоқаев халықты жылу және электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуді, отын мен көмір нарығын және инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61