ӘЛЕМ
Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұған дейін оппозиция оның теміржол құрылысына арналған мемлекеттік жобадан ақша алған болуы мүмкін екенін айтқан.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Моңғолия парламентіндегі Демократиялық партия фракциясы президентке қатысты осындай айыптаулар айтқан. Оппозиция өкілдері Хүрэлсүхтің мемлекеттік теміржол жобасынан қаражат алған болуы мүмкін екенін алға тартады.
Президент тергеу органдарымен ынтымақтасуға дайын екенін айтты. Сондай-ақ өз беделін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгінбек. Оның қызметінен нақты қашан кететіні әзірге белгісіз.
Хүрэлсүх Моңғолияны 2021 жылғы маусымнан бері басқарып келеді. Бұған дейін елдің премьер-министрі болған, алайда пандемия кезіндегі үкімет әрекетіне байланысты өткен наразылықтардан соң отставкаға кеткен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61