ДЕНСАУЛЫҚ
Денсаулық сақтау министрлігі емханаларда емделетін науқастарға арналған дәрілер тізіміне жаңа препараттар қосты. Қазір 2,1 миллион адам 76 ауру бойынша дәріні тегін алады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
2025 жылдан бастап емханаларда дәрі-дәрмекке қажеттілік әр науқасқа жеке есептеледі. Есептеуде адамның өзі және оған тағайындалған емдеу тәсілі ескеріледі.
Жеткізілімде іркіліс болмауы үшін дәрілердің азайтылмайтын қоры жылдық сатып алу көлемінің 35 пайызына дейін жеткізілді. Тегін дәрімен қамтуға шамамен 245 млрд теңге бөлінген.
Жаңадан қосылған дәрілердің қатарында қант диабетінің I және II типіне арналған инсулин гларгині мен ликсисенатид біріктірілімі; демікпеге қарсы омализумаб пен тезепелумаб; өкпенің созылмалы обструкциялық ауруына арналған олодатерол мен тиотропий бромидінің біріктірілімі бар. Ювенильді артритке және жүйелі басталатын ювенильді артритке адалимумаб, голимумаб, тоцилизумаб және канакинумаб енгізілді.
Сондай-ақ тізімге жүрек жеткіліксіздігіне арналған ивабрадин мен эналаприл, ағза мен тін трансплантациясынан кейін қолданылатын валганцикловир мен эверолимус, психикалық ауруларға арналған карипразин, паллиативтік көмекке арналған прегабалин қосылды. В гепатитіне тенофовир алафенамиді, атеросклерозға эзетимиб, артериялық гипертензияға валсартан, миастенияға метилпреднизолон мен циклоспорин, жүйелі склерозға микофенол қышқылы, түйінді полиартериит пен оған жақын жағдайларға, сондай-ақ басқа некроздаушы васкулопатияларға метилпреднизолон, анкилоздаушы спондилитке секукинумаб беріледі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61