Bugin
6 қарашада Astana Hub құрылғанына сегіз жыл толды. Осы уақытта кластер Қазақстан мен Орталық Еуразиядағы IT және AI индустриясын дамытудың басты орталығына айналды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Дереккөз: astanahub.com
2 700 компания, оның 560-ы шетелдік қатысумен
Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиевтің айтуынша, бүгінде технопарк 2 700 компанияны біріктіретін толыққанды технологиялық экожүйе, оның 560-ы шетелдік қатысуы бар компаниялар. Технопарктің мақсаты идеяларды өнімге, ал стартаптарды халықаралық компанияларға айналдыруға жағдай жасау.
Өңірлерге кеңею
Astana Hub тек елордамен шектелмейді. Қазір кластер 20 өңірлік IT-хабты біріктіреді, олар жергілікті қауымдастықтарды дамытып, жаңа IT-мамандарды даярлайды. Сондай-ақ 2026 жылы Astana Hub пен Алматы қаласының әкімдігі Almaty Hub базасында Central Eurasian Market Entry акселерациялық бағдарламасын іске қосты, ол стартаптардың Орталық Азия нарықтарына шығуына көмектеседі.
Жас буынға арналған білім
Технопарк IT-мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға да көңіл бөледі. Мысалы, TUMO Astana-ның төртінші легі 12 қазанда басталып, 450-ден астам жаңа оқушыға технология мен цифрлық шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61