ӘЛЕМ
Владимир Зеленскийдің айтуынша, жұмыс топтары деңгейіндегі кездесуге Еуропа өкілдері толық құрамда қосылған. Тараптар Берлинде «Ынта білдірушілер коалициясы» аясында бас қосып, ортақ қадамдарды талқыламақ.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Украина президенті Владимир Зеленский азаматтарға арналған бейнеүндеуінде АҚШ пен Украина арасындағы келіссөзге Еуропалық одақ іріктеген келіссөз тобы алғаш рет қатысқанын айтты. Ол жұмыс топтары деңгейінде кезекті талқылау өткенін жеткізді.
Зеленскийдің сөзінше, кездесуге Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия мен Польшаның өкілдері, Еуропалық комиссия және Еуропалық кеңес өкілдері, сондай-ақ НАТО өкілі қатысқан. Талқылау оңай болмағанымен, белгілі бір нәтижеге қол жеткізілген. Келесі кездесу Берлинде «Ынта білдірушілер коалициясы» аясында өтіп, келіссөз барысындағы нақты ортақ қадамдар пысықталады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61