ҚОҒАМ

ҚазҰУ-да студент қазасынан кейін проректор мен декан қызметінен босатылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы міндеттерін, соның ішінде жатақханадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тиісінше орындамаған қызметкерлерге қатысты кадрлық шешім қабылдады. Бірнеше қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Қызметінен босатылғандар — басқарма мүшесі, әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор және география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы. Университет бұл шешімнің міндеттерді, соның ішінде жатақхана қауіпсіздігін тиісінше орындамауға байланысты қабылданғанын мәлімдеді.

Оқиға болған күні кезекшілікте тұрған қызметкерлер де жұмыстан шеттетіліп, олардың әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр. Университет жатақханалардағы кешкі бақылауды күшейтіп, қосымша қауіпсіздік шараларын енгізгенін және студенттерге кәсіби психологиялық көмек көрсететінін хабарлады. Бірінші курс студентінің қазасына байланысты Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстаған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61