ДАМУ
Ұлттық банк дерегінше, 17 қарашада алтынның бір грамы 55 158,73 теңге болды. Баға 2026 жылғы қаңтардағы шарықтау шегінен бері 38 пайызға арзандаған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Алтынның бір грамы бұған дейін мұндай төмен бағамен 2025 жылғы 12 мамырда сатылған. Сол күні ресми құны 55 153 теңге болған.
2026 жылғы 30 қаңтарда алтынның бір грамы 89 002,6 теңгеге жетіп, жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Содан бері бағалы металл шамамен 33 844 теңгеге арзандады.
Әлемдік нарықта да алтын құны төмендеген. 2026 жылғы 29 қаңтарда бір трой унциясы 5 354,8 долларға бағаланса, қазір Investing.com дерегіне сәйкес, оның бағасы 3 878 доллар. Қаңтардың соңынан бері төмендеу шамамен 27,6 пайызды құрады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61