ӘЛЕМ
Ядролық қауіпсіздік саласындағы реттеушілер энергетикалық инфрақұрылымға жасалған соққылар атом электр станцияларының жұмысына қатер төндіруі мүмкін екенін ескертті.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Мамандарды электр қуатының үзілу қаупі алаңдатады. АЭС электрмен жабдықтаудан ажыратылса, реактордағы ядролық отынды салқындату қиындап, белсенді аймақтың балқуы және радиоактивті заттардың қоршаған ортаға таралуы мүмкін.
Реттеушілер мұндай апаттың салдары 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апатпен салыстыруға келетінін ескертті. HERCA, WENRA және NORA ұйымдары әзірлеген бірлескен үндеу Еуропалық одақ елдерін, АҚШ, Ұлыбритания, Канада мен Жапонияны қоса алғанда, 38 мемлекеттің атынан жасалды. Олар АЭС-тердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауды тоқтатуға шақырды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61