ДАМУ

«Бәйтерек» тоғыз айда 8,7 трлн теңгені қай бағыттарға бөлді

Холдингтің тоғыз айдағы қаржыландыру көлемі жылдық жоспардың 90 пайызына жетті. Қаражаттың 6,5 трлн теңгесі кәсіпкерлік бағытқа тиесілі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

«Бәйтерек» холдингі металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені және өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындарды қолдаған. Қаржыландыру шағын және орта бизнеске де көрсетілген. Холдинг қолдаған өндіріс жобалары жеңіл көлік, болат, құбыр, вагон, майлау материалдары мен гофрокартон шығаруды қамтиды.

Жаңа өндірістерге арналған жобалар қоржынына жалпы құны 7,6 трлн теңге болатын 282 инвестициялық жоба енген. Холдингтің еншілес ұйымдары 777 млрд теңгеге бағаланған 48 жобаны қаржыландырып жатыр. Олардың көбі агроөнеркәсіп кешеніне қатысты. 24 қарашада Инвестициялық кеңестің қарауына сұралған қаржыландыру көлемі 4,7 трлн теңге болатын 30 жоба ұсынылмақ.

Инвестициялық жобаларды бағалау кезінде қажетті тауарлар мен қызметтерді Қазақстанда өндірушілерден сатып алу мүмкіндігі қарастырылады. Соның нәтижесінде қарыз шарттарына отандық өнімді сатып алу міндеттемелері енгізіледі. Тоғыз айда холдинг жасаған сатып алу келісімдеріндегі қазақстандық қамту үлесі 71 пайыз болды. Жұмыс 22 өңдеу өнеркәсібі саласындағы 861 өнім түрін қамтиды.

Жыл басынан бері «ҚазАгроҚаржы» ауыл шаруашылығы техникасын 374 млрд теңгеге лизингке берген, оның 330 млрд теңгесіне қазақстандық техника алынған. Өнеркәсіпті дамыту қоры 416 млрд теңгеге техника сатып алды: оның ішінде вагондарға 192 млрд, автобустарға 68 млрд, арнайы техникаға 113 млрд, өрт сөндіру техникасына 31 млрд және өзге техникаға 12 млрд теңге жұмсалды. Қазақстанның Экспорт-кредит агенттігі 570 млрд теңгеге 86 экспорттаушыға қолдау көрсетті.

Холдинг клиенттерінің тауарлар каталогында 526 өндірушінің 2 385 өнімі бар. Жыл соңына дейін ондағы тауар түрлерін 3 500-ге жеткізу жоспарланған. Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында жалпы сомасы 554 млрд теңгенің 221 жобасы іске асырылып жатыр. Оның 153-і 356 млрд теңгеге келісілген, ал 144 жобаға 244 млрд теңге қаржы бөлінген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61